jasqazaq.kz

Коронавирус инфекциясына болжам қалай жасалды?

10 наурыз 2020, 21:09

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамдарға пікір білдірді.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Құрметті достар! Әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралды. Олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар. Сонымен бірге, бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз», — деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Алайда, ҚР Үкіметі коронавирус инфекциясын елге кіргізбеу мен таратпау үшін айрықша шаралар қабылдауда.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың расталған бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ! ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамы – біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана.

Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды. Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды», — дейді Е. Біртанов.

Сонымен бірге, министр біздің ғалымдар ұсынған сценарийдің іске аспауы да мүмкін екенін ескертті.

«Тағы да мәлімдеймін, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция расталған жоқ», — деді Елжан Біртанов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық