jasqazaq.kz

Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін

23 сәуiр 2020, 9:27

#үйдеотыр

Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Неміс ғалымы Франк Эрбгут — Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі COVID-19-дың салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді.

Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін. Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті.

Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)