jasqazaq.kz

Коронавирус футболшыларға да жетті

12 наурыз 2020, 10:41

Италиялық «Ювентус» футбол клубының 25 жастағы қорғаушысы Даниеле Ругани коронавирус жұқтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті, — деп хабарлайды Eurosport.

«Даниеле Руганидің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазір вирус ешқандай белгісіз өтіп жатыр. «Ювентус» қазіргі уақытта заңға сәйкес барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр, енді ойыншымен араласқан адамның бәрін тізімге алады», — делінген хабарламада.

Даниэле Ругани — италиялық футболшы. Кәсіпқой карьерасын 2013 жылы «Эмполи» сапында бастаған. «Бьянконери» құрамында 2015 жылдан бері ойнап келеді. «Ювентуспен» бірге Италияның төрт дүркін чемпионы, Италия кубогы мен Суперкубогының иегері, Чемпиондар лигасының финалисі атанған. Осы маусымда Ругани «Ювентус» сапында жеті матчқа қатысты.

Бұған дейін А Сериясының барлық матчы коронавирусқа байланысты 3 сәуірге дейін тоқтатылған болатын.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі