jasqazaq.kz

Коронавирус Белоруссияға да жетті

02 наурыз 2020, 21:51

Беларусьте коронавируспен байланысты үш жағдай тіркелді, деп хабарлады тілшілерге Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас санитарлық дәрігер Наталья Жукова.Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бізде коронавируспен байланысты үш жағдай тіркелді. Олардың қауіпті індетпен байланысты екендігі айқын, енді тексеру нәтижелерін растау үшін олар ДДСҰ-ның референс-зертханасына жіберіледі»,-деді Наталья Жукова.

Ол өз еліндегі зертханалардың жұмысына кәміл сенетінін жеткізді.

Коронавирус анықталған Витебск тұрғынының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Оның дене қызуы қалыпты, әйел адамның дені сау десе болады.

Бұл туралы БЕЛТА-ға Денсаулық сақтау министрлігінен хабарланды.

Минскідегі екі пациенттің де денсаулық жағдайлары дұрыс. Олардың тіпті дене қызуы да көтерілген жоқ.

«Біз тек жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қажет болғанда көмектесуге дайынбыз»,-деп қосты Беларусь мемлекеттік медициналық университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Игорь Карпов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия