jasqazaq.kz

Коронавирус: Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді

11 қантар 2021, 12:22

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Кеше, яғни 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді.

Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

Қалған өңірлердің барлығы — «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирустың жаңадан 746 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 411 адам індеттен сауықты. Коронавирустық пневмония 27 адамнан анықталды.

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусты барлығы 163 019 адам жұқтырды, жазылды — 149 082, қайтыс болды — 2 319 науқас.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия