jasqazaq.kz

Коронавирус: Алматыда тегін экспресс-тесттен қанша адам өтті?

10 сәуiр 2020, 16:22

#үйдеотыр

Алматыда 15 мыңнан астам адам коронавирусқа тест тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифинг барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, елімізде сәуір айының басынан COVID-19 індетін анықтау бойынша тегін экспресс-тестілер өткізіле бастады. Егер тестілеу оң нәтиже көрсетсе, ПТР-тест (Полимеразды тізбекті реакция) жасалады. «Жедел тестілеуден өткісі келген адамдар арнайы сайтта анкета толтырып, өтінім береді. Содан кейін олар іріктеледі. Бұл тест адамның ауырған не ауырмағанын анықтап береді. Егер ол оң нәтиже көрсетсе, біз ПТР диагностикаға жібереміз», – дейді департамент басшысы. Сондай-ақ, ол бүгінде тест тапсыру жалғасып жатқанын атап өтті. «Бүгінгі күнге 15 мыңнан астам тест жасалды. Оның алдында айтқанымыздай, 122 адамнан КВИ анықталды. Бүгінде бұйрыққа сәйкес қарастырылған ПТР-тестілеуді қажет ететін контингенттер бар. Оның ішінде ауырған адамдар, науқастармен байланыс жасаған адамдар, шетелден келген азаматтар бар. Біз медициналық қызметкерлерді де тексеріп шықтық»,– деді Айзат Модақасымова.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді