jasqazaq.kz

Коронавирус: Ақпарат беруден бас тартқан адамға қатысты іс қозғалды

28 наурыз 2020, 14:54

#үйдеотыр

Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков коронавирустың таралу қаупін азайту үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты . «Департамент мамандары ауру жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды анықтауға қатысты барлық шараны қабылдауда. Байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқан жағдай тіркелді. Ол туралы материал қалалық полиция департаментіне жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды», — дейді Зекен Исаков Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласына келген адамдарды стационарда бір тәулікке карантинде ұсталып, коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны зертханалық жағдайда анықталуда. «Нәтижесі шыққан соң кімнің стационарлық жағдайда бола тұруы керек екені және кім 13 тәулік бойы үй жағдайындағы карантинде болуы керек екені анықталады. Елордаға келгендер ішінде тұмау белгісі, дене қызуы көтеріліп тұрған адамдар жоқ», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия