jasqazaq.kz

Коронавирус: 406 науқастың жағдайы ауыр

17 тамыз 2020, 11:46

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 3,2 мың науқас стационарларда ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — делінген ведомство ақпаратында. Мәлім етілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Статистикада – бір тәуліктегі мәліметтер, ПТР-тестілеу оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың жалпы саны және өлім-жітім жағдайлары көрсетіледі. Барлық ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирусқа жалпы 103 033 адам шалдықты. Жазылып шықты — 82 777, қайтыс болды 1269 науқас.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде