jasqazaq.kz

Кореяда жүрген қазақ жігітінің шындығы (видео)

13 наурыз 2018, 12:05

Оңтүстік Корея елінде еңбек етіп жүрген қазақ жігіті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол Қазақстандағы отандастарына өз шындығын айтып, видеомәлімдеме жасады. Онда жас жігіт қазіргі таңда Корея елінде алты мыңдай қазақтың еңбек етіп жатқанын тілге тиек еткен. Бұл туралы ernur.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабаралады.

«Қазақтың Кореяда алты мыңы,

Ешқашан шығармаңдар естен мұны.

Бес жүз мыңнан салғанда әр ай сайын,

Бюджеттің үш млрдқа өскендігі» деп өз сөзін бастаған жігіт өзі секілді қазақстандықтарды шетелде жүр деп сынның астына алатындарға да жауап қатады. Ол өз сөзінде сыртта жүрген адам елдің,Отанның қасиетін жақсы білетінін алға тартқан. Мұнан соң ол Оңтүстік Кореяда жүрген талай қазақ баласы несиелерін жауып, тіпті көлік мініп жүргенін де сөз еткен.

«Корея дамыған деп білетін жер,

Самолетпен, кемемен кіретін жер.

Кредит төлеп жүргендер жауып тастап,

Жаяу келген машина мінетін жер.

Қазақтың керемет бір мақалы бар

Біліп алсын сырттан сынап жүретіндер

Есектің артын жуып мал тап деген

Осында жүр сол сөзді білетіндер» деп ойын түйеді жігіт.

Аталған видеомәлімдеме желіде тез тарап, елдің қызу талқысына түсіп, көпшілікті қолдауына ие болды. «Жарайсың, бауырым», «Неткен керемет», «Дұрыс айттың», «Өте дұрыс та орынды айтқан екен. Біздің айлық басымызға тартсақ аяғымыз ашылады, аяғымызды жапсақ, басымыз ашылып қалады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебай өзінің желі парақшасында жастарға шетелге кетуге кеңес беріп, онда жұмыс істеп, қомақты қаржыға кенелуге болатынын жазған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде