jasqazaq.kz

Көпқабатты үйдің шатырына шығып, велосипед тепкен (видео)

08 қыркүйек 2020, 11:58

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елордада көпқабатты үйдің шатырында шығып ойнап, велосипед тепкен балалардың видеосына қатысты мән-жайды түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерге талдау жүргізу барысында елордадағы «Арман Қала» тұрғын үй кешеніндегі паркингтің шатырында бір топ баланың велосипед теуіп жүргенін анықтадық. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанды. Анықталғанындай, паркингтің шатырға шығатын есігі ашылып қалып, балалар сол жақтан кіріп кеткен. Тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйыммен жүргізілген жұмыс барысында ол есікке құлып салынды. Үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деп хабарлайды департаменттен. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. «Егер сіз шатырға немесе паркингке шығатын есіктің ашық тұрғанын көрсеңіз, тұрғылықты жердегі ПИК-ке бірден хабар беріңіз», — деп ескертеді полиция.

https://www.youtube.com/watch?v=8mXLtoQNdC4&feature=youtu.be

ҚазАқпарат

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық