jasqazaq.kz

Көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

18 қараша 2020, 12:54


Қарағанды қаласында тұрғын үйлердің бірінің ауласында қимылсыз жатқан ер адам жергілікті тұрғындарды алаңдатқан. Олар полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Алайда, дәрігерлер ер адамның әлдеқашан қайтыс болып кеткенін анықтады. Ер адамның жансыз денесін Майқұдықтың 12-шағынауданында кездейсоқ адамдар тауып алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол жылу құбырларының үстінде жатқан. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылды. Бірақ, дәрігерлер тек өлім фактісін тіркеуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. «2020 жылдың 17 қарашасында сағат 05.50-де Қарағанды қаласының 12-шағынауданындағы № 21 үйдің ауласынан 44 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде