jasqazaq.kz

Көпқабатты үй өртеніп, оқиға орнынан бір адамның денесі табылды

14 қазан 2020, 12:08

Ақтөбенің Шалқар қаласында 3 қабатты үй өртенді. 12 адам құтқарылып, 38 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін сағат 01:27 кезінде Шалқар ауданының №7 өрт сөндіру бөліміне Шалқар қаласы, Шойғарин көшесіндегі көппәтерлі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Бірінші қабаттан басталған өрт 2 және 3-қабатты шарпыды.

Үйдің кіреберісіндегі түтінге қарамастан, өрт сөндірушілер тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға жедел кірісті.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 4 техника мен 12 адам жіберілді. ТЖД күшімен үш иінді баспалдақ арқылы 12 адам құтқарылды, оның 4-еуі бала. 1996 жылы туған №15 пәтер тұрғыны уланып, ауруханаға жатқызылды. Ал арада 1 сағат өткенде өрт толық сөндіріліп, 38 жастағы ер ер адамның мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде