jasqazaq.kz

Көпірге не үшін шыққаны белгілі болды (видео)

12 қыркүйек 2019, 19:35

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алды.

ТЖ құтқару қызметі ер адамды жерге түсіруге тырысты.

«Сағат 15.35-те біздің басқару орталығының қызметкері темір арқанды Сарайшық көпірінде бір адамның тұрғанын байқады. Төтенше жағдайға жедел жәрдем қызметі жіберілді. Көпір жанындағы көлік жолы жабылған жоқ. Құтқарушылар көлікті орнату үшін жолдың екі жолағын жапты.

Құтқарушылар ер адамды құтқару үшін жүк көлігінің кранын көтерді. Оқиға орнында психолог жұмыс істеді.

https://youtu.be/bQsNsLFv7qQ

16.30-да құтқарушылар ер адамды төмен түсуге көндіре алғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан әкімдігі ер адамның елорданың орталығындағы көпірге не себепті шығып алғаны туралы айтып берді.

Әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Талғат Рахманберді 1991 жылы туған ер адамның үш рет қалалық әкімдікке жүгінгенін айтты.

«Бүгінге дейін қала тұрғыны әкімдікке тұрғын үй немесе жер телімін бөлуге көмек сұрап үш рет жүгінді. 9 қыркүйекте «Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО-ға жұмысқа орналасуға және баспана алуға көшу туралы келісімге келген. Алайда, бүгін, 12 қыркүйекте, азамат құжаттармен келмеген, ал біздің келісім бұзылған», — деп атап өтті Талғат Рахманберді.

«Бұрын біз оның жалдамалы баспана төлемін және кейбір мәселелерін шешкен болатынбыз. Бүгінгі таңда оның жалпы құны 1,3 миллион теңге болатын алты несиесі бар екенін білеміз. Азамат ауырмайды, жанұясы, екі баласы бар. Тұрақты жұмысы болды, ол жерден жағымсыз себептермен шығарылды», — деп толықтырды ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде