jasqazaq.kz

Көпір құлады (видео)

01 қазан 2019, 17:42

Тайванның Илон округінде көпір құлады. Апат көпір үстінен жанармай тасығыш көлік өткенде болған. Зардап шекендер бар. Бұл туралы ria.ru хабарлады. 

Патрульдік қызметінің бейнебақылау жазбаларына сәйкес, көпір бойымен бензин құйылған цистерна жүріп өткен. Сол кезде мосттың астында балықшылар қайығы болған. Көп адам суға құлаған.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар қайықтар мен зардап шеккендердің санын және оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Өрт сөндірушілердің мәліметі бойынша, он адам ауруханаға жеткізілген. Олардың алтауы филиппиндік, үшеуі индонезиялық. Цистернаның жүргізушісі жергілікті тұрғын болып шықты.

Сондай-ақ екі патруль қызметкері жеңіл жарақат алған. Алты адам балық аулайтын қайыққа қамалып қалған болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда