jasqazaq.kz

Көпбалалы отбасының 4 баласына 30 теңгеден АӘК тағайындапты (Видео)

06 желтоқсан 2021, 22:42

Қарағандыда көпбалалы отбасының 4 баласына 30 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Соңғы екі айды қосқанда бақандай 244 теңге аударылған. Жыл басында отбасы бір мәрте көмек алған екен. Кейін аулада егулі картобың бар деп, одан да қағыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Халықты әлеуметтік қорғау бөлімі кейінгі уақытта аталған отбасының табысы өскенін айтады. Сондықтан жүйе отбасының шекті кірісін есептеп, соңғы екі айға 244 теңге тиесілі деп шешкен. 60 жыл бұрын саманнан салынған үй құлайын деп тұрса да, шарасыз отбасының қазіргі панасы. Жыл басында 125 мың теңге атаулы көмекті алдық дейді. Алайда жазда ол да тоқтапты. Сөйтсе комиссия ауладағы алақандай жерге егілген картопты есептеп, табысқа кенеліп отырғанын анықтаған.

-Шыққаны бір жарым, екі мөшек картоп. Соны біз алты отбасыға бөлдік. Содан бөлгенде қаптың түбі ғана қалды.

Қабырғасы қақырап, төбесінен суы сорғалаған баспананы жылытатын көмір де аз қалған. Балалардың жәрдемақысы мен жарының айлығы оған артылмай тұр. Атаулы көмекке қайта арыз бергенде билік мақұлдапты. Бірақ тағайындалған қаражат сомасы көпбалалы ананы есеңгіретіп тастаған.

Дариға Қазанғапова, көпбалалы ана:

— 244 теңгені есептегенде, мен әр балаға екі айға 60 теңгеге памперсі мен нанын алып беруім керек екен. Бір айда әрқайсысына 30 теңгеге нан да ала алмаймын. Қазіргі нан бағасын білесіздер. Сол 122 теңгеге қарап қалған күніміз деп ойлады ма? Ол жағын енді айта алмаймын, бұл маған салсаңыз, мазақ ретінде болып тұр.

Биліктегілер ауладағы картоптың көлемі әлеуметтік көмекке аса ықпал етпейді деп ақталды. Мұнда жәрдемақы мен отағасының жалақысы есептеліп тұр екен. Сондықтан осындай сома шығып тұр.

Людмила Харитонович, Қарағанды қаласы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімінің басшысы:

— 122 теңгеге қосымша отбасы балаларға азық-түлік жиынтығын алады. Ол: сүт, дәнді дақылдар, нәресте азығы. Сонымен отбасындағы екі бала мектепте тегін ас ішіп жүр. Мемлекет кепіл берген көмектің барлығын алып жатыр.

Шенеуніктер ортақ жүйе есептеп шығаратын соманы еш өзгерте алмаймыз деп отыр. Алдында пәтер жалдаған отбасындағылар бала саны өскенде қысылғаннан туыстарының бос үйіне кірген екен. Армандары – жеке баспаналы болу. Әзірге олар пәтер кезегінде 1680-ші орында тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде