jasqazaq.kz

Көпбалалы отбасыға ауылдастары асарлатып үй салып берді

13 қараша 2020, 16:30

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылындағы көпбалалы отбасының отағасы Бақтияр Жампозовқа баспана кілті табыс етілді. Бес бөлмелі үй жергілікті биліктің қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тұрғызылған

Салтанатты шараға арнайы қатысқан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үй иелерін құттықтап, бақ-береке, тыныштық тіледі. «Асар» – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі, ол адамдарды ізгі іске жұмылдырып, жас ұрпақты мейірімділік пен жанашырлыққа баулиды. Қазақтар ешқашан жетімдері мен жесірлерін жылатпаған. Жерлестеріміздің мұқтаж жандарға көмектесу туралы осындай ұсынысты бір ауыздан қолдағаны қуантады. Мұндай мереке әр отбасында бола берсін!» — деді облыс әкімі.

Бүгінде Бақтияр жұбайы Жанар Мұхамедияровамен бірге алты бала тәрбиелеп отыр.

«Үлкен немерем 11 жаста, кішісі бір жасқа толды. Біз өте бақыттымыз және арманымыздың орындалуына көмектескен жанашыр адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз. Ұлым қоғамдық жұмыстарға тартылған, ал келінім декреттік демалыста. Олар ұзақ жылдар бойы тұрғын үйді жалға алып, тапқан ақшаларының барлығын дерлік сонда жұмсап жүрді. Енді олар өз үйлерінде барынша еркін өмір сүреді деп ойлаймын. Қазіргі қуанышты әсерімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», — дейді үйдің әжесі Илан Айтқұлова көзіне жас алып.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде