jasqazaq.kz

Көпбалалы отбасы қашықтан оқу үшін берілген ноутбукті сатпақ болған

16 қыркүйек 2020, 19:02

Көпбалалы отбасы балалардың қашықтан оқуы үшін берілген ноутбукті сатпақ болған. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат Baigenews.kz порталында жарияланды. БАҚ мәліметінше, тегін хабарландырулар сайтында жаңа ноутбук сатылатыны туралы жазбалар пайда болған. Желі қолданушылары фотосуреттерден қашықтықтан оқу құрылғысын көрген, оны «Салиқалы ұрпақ» қоры мұқтаж отбасыларға тегін таратқан болатын.

Сатушылар қордың жапсырмасы бар фотосуретті ашық жариялағаны хабарланды. Бірнеше минуттан кейін хабарландыру өшірілген, бірақ ол мұрағатта сақталып қалған.

Фотосуретте қордың жапсырмасы анық көрсетілген, оның көмегімен демеуші берген қорапты дәл анықтауға болады.

Tengrinews.kz редакциясы техника демеушісі — «Салиқалы Ұрпақ» қорынан пікір сұрады. Ұйым өкілдері ноутбукті сатылымға шығарған отбасымен кездескенін айтты. Көпбалалы отбасы қиын жағдайда өмір сүретіні және ноутбуктен түскен ақшаны тамаққа жұмсамақ болғаны анықталған.

«Салиқалы Ұрпақ» қоғамдық қоры мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан дайын. Биылғы оқу жылында біз аз қамтылған отбасылардың балалары бағдарламадан тыс қалмасын және онлайн режимінде қиындықсыз оқисын деген үмітпен біз Алматы қаласы мен Алматы облысында 1000 ноутбук сыйға тарттық.

Кейін олардың біреуі сатылымға қойылғанын білгенде қатты қынжылдық. Жағдайды білгенде, біз отбасыға тамақ керек екенін түсіндік, сондықтан біз бірден көмектестік. Өздеріңіз білетіндей, «Салиқалы Ұрпақ» қоры ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді. Біз бұл отбасын тізімге қосуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналар мен балалар не ішіп-жеймін деп алаңдамай, білім алғанын қалаймыз. Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі», — деді қордың директоры Қасым Қасабеков.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мұқтаж отбасылардағы оқушыларға 400 мың компьютерді уақытша берген болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия