jasqazaq.kz

Көпбалалы аналарға қосымша ауыртпалық түсіріп отыр

17 ақпан 2021, 11:46

Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

Ол Үкіметтен әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардан тұрғылықты мекенжай сұрауды талап етпеу керектігін ұсынды.

Әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж жандар мемлекеттен тиісті әлеуметтік көмек алатын кезде түрлі қиындықтарға тап болып отыр. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына» сәйкес, кейбір көмектер мен жәрдемақыларды алу үшін азаматтардан тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы құжат талап етіледі. Мысалы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бір жерде тіркеуде 6 ай тұру керек. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар негізінен жағдайы төмен отбасы мүшелері екені белгілі. Олардың көбісінің басында үйі жоқ. Сол себепті белгілі бір жерде ұзақ мерзімде тіркеуге тұруға мүмкіндіктері болмайды, — дейді депутат.
Оның айтуынша, сондықтан ондай адамдар таныстарына, туыстарына, тіпті бөтен адамдарға жүгініп, ай сайын ақша төлеп тіркелуге мәжбүр болады.

Олар өз үйі болмағандықтан, тұрғылықты жерін де жиі ауыстырады. Ал түрлі себептермен олар тіркеуден шығып, басқа мекен-жай бойынша тіркелгеннен кейін әлеуметтік көмектен 6 айға қағылады.

Бұл жағдай, онсыз да қиналып отырған көпбалалы аналарға қосымша ауыртпалық түсіріп отыр. Ал енді мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы талаптар қойылады. Уақытша тіркеу әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға жарамайды. Егер мұқтаж жандардың жеке меншігінде үйі болмаса, тұрғылықты тұратын жері жоқ болса, сонда бұл азаматтар әлеуметтік көмекті қалай алады?,- деді Әлия Әбсеметова.

Ол сол себепті, баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтар, мүгедектер үшін т.б мұқтаж жандарды Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

baq,kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия