jasqazaq.kz

Көпбалалы ана өзін балаларымен қоса өртемек болған (Видео)

31 наурыз 2022, 15:03

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны өзімен бірге 4 баласын өртеп жібермекші болғаны түсірілген видео тарады.

Бұл туралы  Sputnik.kz хабарлайды.

Видеода көпбалы ана үйінің ішіне әдейі өрт қояды. Бөлме ортасында көрпешелер өртеніп жатыр.

Өзін Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғынымын деп таныстырған Ақмарал Асылбекова телефонына түсірілген видеода мұндай қадамға баруына кімдердің себеп болғанын айтқан.

«Үйге өрт қойған себебім – өзімді және балаларымды бұл дүниеден алып кету, қатыгездік… әділетсіздік жоқ, жанайқайымды түсінетін жаққа кетеміз. Мынау қиындықтан шаршадым. Жоқшылықтан шаршадым. Адамдардың қысым көрсетуінен шаршадым. Менің өліміме, осы 4 баламның өліміне Жетісай қаласының құзырлы органдары және әкімшілік кінәлі», — дейді әйел видеода.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай 28 наурызда болған.

Содан кейін әйелдің үйіне Жетісай ауданының полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, жағдайын білген.

«Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілген, балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді», — деп хабарлады жергілікті полиция.

Сондай-ақ бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр