jasqazaq.kz

Көпбалалы ана ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

16 шiлде 2020, 16:29

Көпбалалы Мейрамгүл Мұқаева Панфилов аудандық аурухананың провизорлық бөлімде ауырып жатқан науқастарға тегін саумал әкелуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы облысындағы Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының тұрғыны Мейрамгүл Мұқаева күнде таңертең ауруханаға 10- 15 литр саумал жеткізеді. Бұдан бөлек сауыншы апаның үйінен саумал ішетіндердің де қарасы көп.

«Қазір еліміз қиын кезді бастан өткізіп жатыр. Жерлестерім, жақындарым аурып жатқанда менің қолымнан келетін көмегім осы. Саумал барлық ауруға шипа. Сондықтан ауруханаға көмек етейін деп шештім»,- дейді көпбалалы ана.

Ал, аудандық бас дәрігер Төлеу Сарпеков саумалдың науқастарға пайдасы бар екенін айтады.

«Қазір саумал келген бойда емделушілерге нормамен беріп жатырмыз. Осы орайда Мейрамгүл апамызға аурухана ұжымы атынан алғыс білдіремін»,- деді ол.

1964 жылдан бері бие байлап, саумалың емдік қасиетін пайдаланып келе жатқан сауыншы бес бала тәрбиелеп, немерелеріне жылқы малының пайдасын үйретумен келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде