jasqazaq.kz

Көп жағдайда 30-49 жас аралығындағы ер адамдар жоғалады

21 қантар 2020, 14:00

Бүгінде хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде. Бұл туралы  ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар. Ең көп хабар-ошарсыз жоғалғандар Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). 30-49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе жиі ер адамдар (76%) жоғалады», — делінген Комитет хабарламасында .

Таратылған мәліметке қарағанда, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан кеткендер – 36.

«Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)», — деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Айта кетейік, Қазақстанда іздеу салуды ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдары, экономикалық тергеу жүргізу, мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері жүзеге асырады. Барлық іздеу істерін тіркеу, сонымен қатар мемлекетаралық ақпараттар банкімен өзара байланыс жасауды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия