
Бала кезімізде қатты ұйықтап қалған достарымыздың бетіне қазан астындағы күйені қырып алып, талай рет сурет салғанымыз есімізде. Тіпті ғайыптан пайда болған мұрт пен сақалдан қорқып қалғандар да кездескен.
Ол кезде сурет салуға керекті құрал, бояу тапшы еді. Қазір ше?
Дүкендерде бәрі бар. Түр-түсі бір-біріне ұқсамайтын әрі қанық бояулар қандай, қалай сурет саламын десең де оңтайлы. Бірақ мәселе ненің суретін салуда? Өкінішке қарай, әзілі жарасатын азаматтар қалың ұйқы құшағында жатқан достарының бетіне небір сурет салуға әуестенетін болды. Ал кейіпкердің бірі – ащы судан ұрттап алған болса, суретті де асықпай отырып салуға мүмкіндік бар. Мына азамат суретші достарының арқасында бір түнде иттен аумай қалған. Ұйқысын қимаған ол өзіне күлгендерге таң қалып жатыр. «Ұят болды-ау» десек те, суретшінің шеберлігіне қайран қалмасқа амал жоқ.
https://www.facebook.com/251792965359327/videos/537739666756407/
Жолдасбек ДУАНАБАЙ