jasqazaq.kz

Көп балалы тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтқан (Видео)

10 желтоқсан 2021, 17:49

Кедейлік пен әділетсіздіктен шаршап, 4 баласымен о дүниеге аттануға дайын отырған ананың күйініші қандай? Не себепті бұндай шешімге келген?

Бұл туралы Caravan.kz порталы Almaty Tv — арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзіме қол жұмсаймын, балаларыма да. Құдай өзі кешіре көрсін. Басқа амалым жоқ», — деп кедейліктен зардап шегіп, 4 баласымен о дүниеге аттануға әзір тұрған Ақмарал Асабаеваның күрделі түйінінің шешімі бар ма?!

«Өмір сүргім келмейді. Шаршап кеттім. Таң болмаса екен деп тілеймін. Құдай жанымды алса екен өзіме қол жұмсамай — ақ», — деп жалынамын дейді.

«Есікті ешкімге ашпаймыз. Біреу келіп қалса деп қорқынышпен өмір сүруден шаршадым. Осы өмір ма? Айтыңызшы. Менің ештеңеден үмітім жоқ. Үмітімді үзгенмін бәрінен. Ештеңе қызық емес»,- деп төрт баланың анасы сөзін шорт кесті.

«2018 жылы жолдасым екеуіміз үй алдық. Оны әкемнің атынан рәсімдедік. Себебі бізде болашақта несие болып қалады деген қорқыныш болды. Әкем сол жылы инсульт алып қатты ауырып, комаға түсті. 4-5 күннен соң қайтыс болды. Өмірден озардан алдын құжаттарды алып кет деп шақырған болатын. Оны алып үйге алып келіп тығып қойдық. Анам бір күні келіп, меннен сол құжаттарды сұрады, ойымда арамы ой жоқ. Бердім. Сөйтсем ол үйді сатып жіберген екен», — деді етегі жасқа толған Ақмарал.

«Жолдасым мені қатты кінәлады. Үйден кетіп қалды. Қазір арамыз нашар. Сен бұл мәселені шеше алмайсын, мен өзім жұмыссызбын. Далада қалдық деп кетіп қалды. Мен өзімді қатты кінәлі сезінемін. Сол үшін өмірден бас кештім.»,- дейді.

Егер мәселенің шешімі табылса, үй қайтарсылса жолдасымен жаңадан өмір бастауға дайын екендігін жеткізді. Төрт баласының әкесіз өскенін қаламайтындығын айтып көзіне жас алды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық