
Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор лондондық «Челси» футбол клубын сатып алуға ниет білдірді.
Бұл туралы Макгрегор бизнесмен Роман Абрамович клубты сату туралы ақпаратты жариялағаннан кейін Twitter парақшасында хабарлады. Ол клубты сатып алуды талқылап жатқан хат-хабардың скриншотын жариялады.
I wish to explore this. @ChelseaFC pic.twitter.com/ABEjjCqhD7
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) March 2, 2022
«Челси» 3 миллиард фунтқа сатылады екен. Сатып алайық», — деп жазды Макгрегор.
Кейінірек ол спортшы Абрамович екеуінің анимациялық кейіпкерлері клубтың сатылуын талқылап жатқаны туралы видео жариялады.
Push it to the limit! @ChelseaFC pic.twitter.com/UFZUGwnwbO
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) March 2, 2022
«Челси» мәмілесі 2-ден 4 миллиард фунтқа дейін болуы мүмкін. Daily Mail басылымы Макгрегорда мұндай қаражат жоқ екенін атап өтті.
Tengrinews.kz