jasqazaq.kz

Көңілдесінің әйелін сотқа берді

25 желтоқсан 2018, 17:28

Темітаудың 49 жастағы тұрғыны күйеуін қызғанып, оның көңілдесінің атынан интимдік хабарлама таратқан.
Sn.kz жазғандай, жәбірленуші өзін қорлағаны туралы сотқа арыз тастайды. Бұл туралы іс Теміртау қалалық сотында қаралды. 49 жастағы жауап беруші алты ай бойы күйеуінің ашынасына неше түрлі хаттар жазып, қорлап келген. Оны жезөкше атап, балағаттаған.
«Жауап беруші жұмыс орныма келіп, шу шығарды. Клиенттердің алдында абыройымды төкті. Ол ғана емес, мен жұмыс істейтін дүкеннің қабырғасына «Басы бос емес әрі ауқатты еркектерге секс-қызметін көрсетемін» деп жазып, нөмірімді көрсетіп қойған», — деп келіншек сотта шағымын айтты.
Келіншек өзіне моральдық шығын келтіргені үшін көңілдесінің әйелінен 600 мың теңге өтеуін талап етті. Алайда жауап беруші өзін кінәлі деп есептемейтінін айтқан. Өйткені ол жаман сөздер арқылы күйеуінің ашынасының қандай адам екенін көрсеткісі келген екен. Сол себептен де әйел біреудің намысына тиіп, қорламағанын алға тартты.
Сот жауап берушіні кінәлі деп танып, оған 48 мың теңге айыппұл салды. Сондай-ақ әйел моральдық шығын келтіргені үшін жәбірленушіге 110 мың теңге төлейтін болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде