jasqazaq.kz

Конгода Эбола індетінен 200-ден астам адам қайтыс болды

11 қараша 2018, 18:18

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті белең алды. Шілде айынан бері осы дерттен көз жұмғандар саны 200-ден асты. Бұл туралы кеше елдің денсаулық сақтау министрлігі Твиттердегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қарашаға дейін жалпы 326 адам Эбола ауруын жұқтырды деген күдікпен тіркелді, соның 291-і расталды, қалған 35-інде әлі анықталмады», — делінген хабарламада. ВВС-дің хабарлауынша, соңғы күндері бұл ауруды жеті адам жұқтырғаны, үш адамның ажал құшқаны анықталды. Әсіресе КДР-дың Солтүстік Киву және Итури провинцияларындағы ахуал күрделі. Қайтыс болғандардың жалпы саны 201-ге жетті, 166-сында вирус зертхана талдаулары арқылы дәлелденген. Эболамен ауырған 98 адамның сырқатынан айыққаны әзірге дәрігерлердің көңіліне дем беріп отыр. 8 тамыздан бері елде 28 303 адамға қауіпті вирусқа қарсы вакцина егілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде