jasqazaq.kz

Конфедерация кубогының жеңімпазы анықталды (видео)

03 шiлде 2017, 10:59

 

3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті.

Командалардың кездесуі Санкт-Петербургтегі «Крестовский» стадионында өтіп, Германия құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 20-шы минутта Марсело Диастың қателігінен кейін Тимо Вернерден пас алған Ларс Штиндль соқты. Германия командасы Конфедерация кубогын тұңғыш рет жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Германияның үш бірдей ойыншысы үздік бомбардирлердің қатарынан табылды — Ларс Штиндль, Тимо Вернер және Леон Горецка үш голдан соқты. Айта кетейік, топтық кездесуде Германия мен Чили кездесіп 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Сол кезде Штиндль гол соққан еді. Ал мұның алдында Конфедерация кубогындағы үшінші орынға талас матчында Португалия овертаймда Мексика құрамасын 2:1 есебімен жеңген еді. Роналдусыз алаңға шыққан Фернанду Сантуш шәкірттері Мексика құрамасын қосымша уақыт қорытындысы бойынша жеңді.

tengrinews.kz

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді