jasqazaq.kz

Кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты (видео)

04 қантар 2018, 20:58

«Бізде обед» — кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты. Семейде кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. Видеода қыздың кондукторды соңғы аялдамаға дейін жеткізіп тастауды сұрап тұрғанын көруге болады. Алайда әйел адам «Бізде обед» деген желеумен жолаушының түсіп қалуын талап еткен. Бұған наразы болған Семей тұрғыны әлеуметтік желіде мұның алғашқы оқиға еместігін жазып, қала әкімі Ермак Сәлімовтен шара қолдануды сұрайды. Бұл жазбаға қатысты наразы тұрғындар да пікір білдіріп, 16 бағыттағы автобустардың расында да осындай қиындықтары барын растады. Желі қолданушыларының сөзінше, жүргізушілер жолаушыларды соңғы аялдамаға дейін апармайды. Бұл оқиғаны білген тасымалдаушы жүргізушімен келісімшартты бұзып, жолаушыға дөрекі сөйлеген кондукторды жұмыстан босататынын мәлімдеді. «Санаторий» 16 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасы емес. Алайда бұл жүргізуші мен кондукторға ондай құқық бермейді — жолаушылардың талабы бойынша, олар адамдарды жеткізу керек. Сондықтан кінәмізді толық мойындаймыз», — дейді таксомоторлы парк басшысы. Ал қала әкімдігінің өкілдері тасымалдаушының әрекетін бақылауға алатындарын айтады. «Жүргізушінікі дұрыс емес. Жеткізіп тастап, түскі үзіліске бару керек болатын. Тасымалдаушымен келісім бар. Қазір ауызша айттық. Ары қарай шара қолдану туралы хат жолдаймыз», — дейді жолаушылар көлігі мен автожолдар бөлімінің өкілдері.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды