
Қарағандыда жолаушы мен кондуктордың төбелесі түсірілген видео желіге тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Аталған факті полицияда тіркелді. Автобустың 20 жастағы кондукторы мен 18 жастағы жолаушы қоғамдық көлікте тәртіпсіздік жасады. Оқиғаның салдары анықталып жатыр. Соған сәйкес шара қабылданатын болады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті осылай деп пікір білдірді.
Видеодан байқағанымыздай, өзге жолаушылар қарсы пікірін айтып жатыр.