jasqazaq.kz

Кондуктор алматылық әйелді ұрып-соқты

16 шiлде 2018, 16:25

Алматылық әйел ішкі істер министрінің блогына хат қалдырды. Хатында оны автобус кондукторының ұрып-соққаны айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айтуынша, 28 маусымда оны № 16 бағыттағы автобус кондукторы ұрып-соққан. Әйел Медеу аудандық ІІБ-не арыз қалдырды. «Қазір бетім ісіп кеткен, сол көзім жырылып кеткен, көзімнің айналасында ісік тола, бас-ми жарақатын алдым. Психологиялық тұрғыдан да жағдайым нашар. Кейде сол қолым жұмыс істемей, ұйып қалады. Иегімді әрең дегенде ашамын. Еңбекке жарамсыз деген парақты алып, үйде жатырмын, жалақым да сондықтан азайды. Әлі алда ұзақ уақыт ем алу керек, көп ақша қажет», — деп жазды алматылық әйел Қалмұханбет Қасымовтың блогында. Зардап шеккен әйел ІІМ басшысынан сол қызметкерді жұмысқа алған автобус паркін жауапкершілікке тартуын сұрайды. «Психикасы нашар және алкогольге жақын адамдар. Жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін автобус паркі жазалансын. Мен көмек сұрап, айғайлағанда жүргізуші үндемей отыра берді. Сонда отырған жолаушыларға менің есім дұрыс емес екенін айтты. Сіздер біліп тұрсыздар ғой, олар әлі оның осы автопаркке қатысы бар екенін де жоққа шығарады. Бірақ аудандық ІІБ қызметкерлері кондуктордың №126 және №16 автобустың кондукторларымен ішімдік ішкенін айтты. Мен енді ол адамнан қорқамын», — деп жазған әйел. Министр Қасымовтың жауабында осы арыздың Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгені айтылады. «Қылмыс жасады деген күдікпен М. есімді ер адам ұсталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына қарағанда, ол сол кезде орта деңгейде мас болған. Одан осы іс бойынша жауап алынды. Сот-медициналық сараптама мен сіз алған жарақаттардың деңгейі анықталған соң заңды процессуалдық шешім қабылданады», — деп жауап берді министр.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді