jasqazaq.kz

Комсомолдың 100 жылдығын тойлаған кімдер?

23 қазан 2018, 11:26

21 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында комсомолдың 100 жылдығы дүркіретіп атап өтілді. Сыйлы қонақтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, сенат және мәжіліс депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Қуаныш Сұлтанов болды деп жазады NUR.KZ.

Салтанатты концертте кеңес эстрадасының жұлдыздары Әлібек Дінішев, «Дос-Мұқасан», Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева және Борис Щербаков өнер көрсетті.

Комсомол ардагерлеріне бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдық мерейтойына орай естелік медальдар сыйға тартылды.

Олардың арасында Ресейдегі елші Иманғали Тасмағамбетов, сенат депутаты Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов және «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов та болды.

«Бізді қолдап, облыстардағы кездесулерімізге рұқсат берген президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығымызды білдіреміз.»
«18 жасында Теміртауға келіп, сол кездегі ең ірі құрылыс орнында жұмыс істей бастағанын бәріміз білеміз. Ол маңдай алды жұмысшы болып танылған», — деді комсомолдықтардың бірі өз сөзінде.

Естелік белгімен марапатталғандардың әрқайсысы басшы қызметінде отырып, лениншіл жастарды ұйымдастыруда белсенді болғаны белгілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде