
Жаркентте 21 жастағы жігіт компьютерді сындырған ағасын балғамен ұрып өлтірді. Кісі өліміне күдікті кінәсін мойындап полицияға өзі келген.
Полицияның мәліметінше, 21 қарашада Панфилов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеке үйлердің бірінен 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша фактіні растап, тіркеді. Бұл ретте жәбірленушінің інісі аудандық полиция бөліміне өзі келіп, кісі өлтіргенін айтқан», — деп хабарлады департаменттегілер.
Жігіт ата-анасымен және екі ағасымен бірге тұратынын айтты. Бір күн бұрын күзетші болып істейтін ата-анасымен бірге түнгі кезекшілікке кеткен. Түнде оны қонақтан мас болып оралған ағасы оятқан. Араларында жанжал шығып, ағасы інісін жұмыс істемейсің деп кінәлап, үйдегі компьютерді сындырып тастаған. Оған ашуланған інісі ағасының ұйықтағанын пайдаланып, басынан балғамен бірнеше рет ұрған. Марқұм алған жарақатынан қаза тапты.
«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полициядағылар.
Дереккөзі: Polisia.kz