jasqazaq.kz

Коммуналдық төлем үшін 15 мың теңге беріледі

16 сәуiр 2020, 15:00

#үйдеотыр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың әлеуметтік осал топтарға коммуналдық төлемдерді төлеуге көмек берілетіні жайлы мәлім етті.

Қала басшысының сөзінше, бұл жағдай мемлекеттік комиссия отрысында талқыға түскен.

«Естеріңізде болса, біздің қаламызда алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметтер төлемін екі айға шегерілген еді. Осы жағдайға байланысты, қосымша шешім шығарылды. Мемлекеттік комиссияның келісімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай 15 мың теңге тағайындалады. Яғни, егер коммуналдық қызметке 20 мың теңге төлеу керек болса, оның 15 мыңы мемлекет тарапынан өтеледі. Ал қалған бес мың теңгені тұрғындар өздері төлейді. Бұл жәрдем халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ғана көрсетілетін болады», — деді Сағынтаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салған еді. Президент берілген нақты нұсқаулар әлді де болса іске асырылмағандығын ашып айтқан еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия