jasqazaq.kz

Коммуналдық қызметтің қай түріне өтемақы беріледі?

20 сәуiр 2020, 19:10

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев коммуналдық қызметтердің қай түріне өтемақы жасалатынын айтты.

Оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, Индустрия министрлігі коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығынды өтеу ережесін бекіткен. Сол ережеге сәйкес, өтініш білдірген тұлғалар жеке дербес шот иесі болуы шарт. Тұрғынның әлеуметтік мәртебесі расталған жағдайда энергетикалық тиімділік басқармасы ақшаны «Алсеко» АҚ ұсынған деректерге сәйкес жеткізушілердің есеп айырысу шотына аударады. Ал олар өз кезегінде есепті коммуналдық қызметтердің көлеміне пропорционалды түрде жүргізеді.

«Бұдан бөлек, тұтынушы коммуналдық қызметтерді төлеген жағдайда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте 15 мың теңгеден кем сома болса, коммуналдық қызметті жеткізушілер төлемді келесі айға қайта есептейді. Көмек жоғарыда аталған санаттарға жататын, өз атына коммуналдық қызмет көрсетушімен жасалған келісімшарты бар және карантин енгізілген елді мекенде тұратын адамдарға көрсетіледі. Тұрғын үй туралы заңының 2-бабына сәйкес коммуналдық төлемдер – су, жылу, газ, электр энергиясы, қоқыс шығару және лифт үшін төленеді. Басқа қызметтерге өтемақы жасалмайды», — деді Әсет Масабаев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова