jasqazaq.kz

Комиссия «Арселор Миттал Теміртау» басшылығына емес, шахтерларға шүйлігіп отыр

24 қараша 2021, 23:35

Абай шахтасындағы апат оқыс оқиға деп танылды. Яғни жарылысқа құрылғылардың ескіруі, жұмыс күшінің жетіспеуі және жерасты геобарлаудың нашар деңгейі себеп емес екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Апаттан кейін жұмыс істеген үкіметтік комиссия осындай шешімге келген. Олар өндірісте техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағанын анықтапты. Осылайша комиссия «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы басшылығына емес, тек шахтадағы жауаптыларға шүйлігіп отыр.

Комиссия төрағасы Абай шахтасында болған апаттан сол кезде жер астында болған 64 кеншінің барлығы қырылып қалуы мүмкін еді дейді. Абырой болғанда метан концентрациясын анықтайтын құрылғы берген белгіден кейін диспетчер дер кезінде дабыл қағыпты. Содан шұғыл эвакуация басталған. Алайда апат ошағына жақын жүрген сегіз кенші қашып үлгермеген.

Тексеріс барысында тірі қалған екі кеншіні өзін құтару құрылғысын киген үшінші кенші құтқарғаны анықталыпты. Диспетчер мен ерлік жасаған кенші мемлекеттік марапатқа ұсынылған. Ал арнайы комиссия қорытындысы бойынша апаттың болуы толығымен жұмыс берушінің кінәсі деп тапқан. Алайда комиссия шахтадағы тозығы жеткен техника мен жұмыс күшінің тапшылығын жылы жауып қойды.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Аталған апатқа шахтадағы жұмыскерлердің жетіспеуі, компания тарапынан геологиялық олқылықтарды анықтамау, құрылғылардың жаңартылмауы және өндірісте жаңа технологияларды енгізбеу апатқа себеп емес. Мұнда апаттың алдын алу, техникалық қауіпсіздік сақталмаған. Тексеріс қорытындысы тергеу орындарына жолданды. Ары қарай кінәліліреді құзырлы органдар анықтайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде