jasqazaq.kz

Көмірдің қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер етеді

31 қазан 2019, 17:55

Тауар биржасында көмірдің бір тоннасына делдалдар қоятын үстемақы 90%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов мәлімдеді.

Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір бағасы әзірлеу шарттарына байланысты тоннасына 3 мың теңгеден 7 мың теңге шегінде тұрады. Баға кесінді тиеу бағасы, жылжымалы құрамды тасымалдау, қызмет көрсетуге арналған темір жол тарифтері, көмірдің биржалық құны, халыққа көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады, — деді Байытов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, көмірді алғашқы жеткізу кезінде тауар биржасында көмірдің 1 тоннасына делдалдардың үстеме бағасы 90 пайызды құрайды. Комитет төрағасының сөзінше, көмір бағасының қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер етеді.

Жергілікті атқарушы органдар берген мәліметке сүйенсек, көмірдің барлық түрі бойынша баға белгіленген. Орташа баға жеткізуді қоспағанда 12 мың теңгені құрайды. Елордаға 141 вагон немесе 9770 тонна көмір жеткізілді. «Шұбаркөл» көмірінің орташа бағасы – 12 050 теңге, «Қаражыра» – 12 700 теңге, «Майкүбе» – 13 мың теңге, «Богатырь көмір» – 9 500 теңге.

Қанат Байытов 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірдің қажетті мөлшерімен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында екенін айтты.

Ақпарат көзі: Baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда