jasqazaq.kz

Көмірдің кесірінен көз жұмды

15 қараша 2018, 17:19

Семейде көмір үшін талас болып, салдарынан кезекте тұрғандар арасында жанжал туған. Оның соңы адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 13 қараша күні Семей қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан «Қаражыра» көмір кен орнында болған. Қатты отын үшін жапатармағай жанталасып таласқан азаматтар арасында жанжал туған. Соңында 33 жастағы қала тұрғыны кезекте тұрған азаматтың қолынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ашуға булыққан азамат оны жауыздықпен өлтірген. Полиция қызметкерлерінің жедел іздеу шараларының нәтижесінде ізі суымай аталған қылмысты жасады деген күдіктен 1994 жылы туған Семей қаласының тұрғыны ұсталды. «Степной кенті тұрғынының қайтыс болуына байланысты бүгінгі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамауға алынған», — деді Семей қаласы полиция басқармасының баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде