jasqazaq.kz

Көмірден ақша жасағандарға айыппұл салынды

29 қантар 2018, 23:01

Оңтүстік Қазақстанда көмір саудасымен айналысатындарға 9 млн теңге айыппұл салынды. Тоғыз серіктестік қатты отынның сатылу бағасын негізсіз көтергені үшін осындай жазаға тартылған. Бұл туралы «Астана» арнасына монополияға қарсы комитеттің аймақтағы өкілі хабарлады.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаменті тексеру жүргізген. Өткен жылы желтоқсанда басталған шарада өңірді қатты отынмен қамтамасыз ететін 13 компанияның жұмысы қамтылды. Нәтижесінде Арыс, Түркістан және Шымкент қалаларындағы отын базаларында заңбұзушылықтар анықталған. Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Таштановтың дерегінше, жеткізілген көмір құны 10 мың мен 13 мың теңгенің аралығында сатылуы тиіс екен. Алайда оның 1 тоннасы 20 мың теңгеге дейін жеткен. Бауыржан Таштанов ТМР, Бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ОҚО департаменті басшысының орынбасары: 9 нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексінің 169 бабымен тиым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдер бойынша заң бұзушылық анықталып, осы нарық субъектілеріне қатысты 9 млн теңге сома мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалары толтырылып, қазіргі таңда тиісті құжаттар сот органдарына қарау үшін жолданды.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды