jasqazaq.kz

Көмір тасымалын бақылайтын мониторингілік топ құрылды

05 қазан 2021, 17:16

Қазақстанда жылыту маусымының басталуына байланысты көмір тасымалдау барысын қадағалайтын арнайы мониторингілік топ құрылып, жедел штаб жұмысын бастап кетті.

«Жылыту маусымы қарсаңында дәстүр бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб пен жол бөлімшелерінде жедел топтар жұмысын қайта жандандырды. Апта сайын көмір тасымалдаушы мекеме өкілдерінің қатысуымен штаб отырысы өткізіледі. Онда көмір тасымалдау мәселелері қаралады, жүк вагондарының кешігу себебі анықталып, ол бойынша шұғыл шешімдер қабылданады. Сонымен қатар, биыл темір жол бөлімшелерінде мониторингілік топтар құрылды. Топ мүшелері жалпы еліміз бойынша көмір тиеу мен жеткізуге қатысты ақпарат жинап, сұрыптаумен айналысады. Проблема туындаған жағдайда оның салдарын анықтап, шешім қарастырады», — деді «ҚТЖ «Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, көмір тасымалы жұмысына қатысты құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия