jasqazaq.kz

Көмір дауы Алматыға да жетті

23 қазан 2017, 23:57

Көмір дауы Алматыға да жетті. Жүзге жуық жүргізуші таңертеннен бері бар отынды ала алмай, сағаттап кезекте тұр. Жекенің меншігіндегі мекеменің басшысы ауысқаннан, осындай келеңсіздік туындаған. Бірақ, кадрлық өзгерістің көмір жөнелтуге қаншалықты қатысы бар түсініксіз. Не көмірге қол жеткізе алмай, не тұшымды жауап ала алмай шу көтерген жүргізушілерді тілшіміз Асқарбек Қазанғап тыңдап келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл көліктер таңнан бері кезектерін күтіп тұр. Кетейін десе отын алатын басқа орын жоқ. Күтейін десе, тарс жабылған дарбазаның қашан ашылатыны белгісіз.

Дархан Құлсеріков, көлік жүргізушісі:

— Енді келіп алайын десем, бәрін далаға шығарып тастапты. Ары қарай не істейсіздер? Не істейміз, отырамыз қарап.

Үйреншікті жерінен көмір таппаған тұрғындар да осы қоймаға жетіпті. Бірақ тапшылыққа қатысты ешқайсынан тұшымды жауап ала алмай, жүргізушілермен бірге сандалып жүр.

Жоламан Сауыров, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бүкіл Алматыны аралап шықтым. Еш жерде көмір тапқан жоқпын пока.

Дарбазаның ар жағына өту расымен қиын. Құдды стратегиялық нысандай. Күзетшілер «ешкімді кіргізбесін» деген тапсырма берілгенін айтып аяқ бастыртпайды.

Көпшілікті көмірге телміртіп қойған жаңа қожайын да осында жүр екен. Бірақ ол мән-жайды түсіндірмек түгілі, басын ала қашты.

Жағдайдың ушығарын білді ме, кешікпей көмір беріледі деген хабар жетті. Бірақ, бәріне емес. Ішке ентелеген 30 шақты көліктің тек оны өтіп үлгерді. Ал, қалғандары не істерлерін білмей сол күйі қақпа сыртында ентелеп қалды.

Кешікпей берер деген үмітпен кезекте тұрған жүргізушілердің күтуден басқа амалы жоқ. Қолда бар көмірді бермеудің соңы бағаның қымбаттауына әкелмей ме деген сұрақ алаңдатады. Бірақ, қалай болғанмен, қанша уақыт өтсе де көмірсіз үйге қайтпаймыз деп отыр.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық