jasqazaq.kz

Көмір бағасына делдалдар қалай ықпал етіп жүр?

14 тамыз 2018, 17:08

Көмір бағасы делдалдар арқылы жасанды түрде көтеріледі. Бұл туралы «Үкімет үйінде» өткен баспасөз мәслихатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры — «Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Сауырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылу беру маусымы қарсаңында көмір нарығында бағаның деңгейін жасанды түрде өсіру байқалады. Бірінші кезекте бұл жағдай көмір өндірушілері мен тұтынушылары арасында бірқатар делдал ұйымдардың болуына байланысты. Біз олардың іс-қимылдарына ықпал ете алмаймыз», — деп тоқталды Қ. Сауырбаев. Оның сөзіне қарағанда, биылғы 7 айда компания 56 млн тонна көмірді тасып үлгерді және бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңінен артықтау. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер бойынша тұтынушылар үшін 4,5 млн тонна көмір жеткізіліп, былтырға қарағанда 10 пайызға жоғары болды. Жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарланып отыр. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға 75,9 млн тонна жеткізілмек. Қ. Сауырбаевтың айтуынша, компанияда аталған жүкке арналған 54 мың ашық вагон бар, соның 29 мыңы көмір тасымалына жұмылдырылған. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4 мың вагонға артық. Коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдауға 9 мыңнан астам ашық вагон тартылды. Жылжымалы құрамның тапшылығын болдырмау мақсатында ашық вагондарды көмір разрездеріне бекіту шаралары іске асырылды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді