jasqazaq.kz

Көмек беретін әмбебап алаң

04 ақпан 2022, 14:51

Орталық Азияның Еуразия Қоры ≪шеврон≫ компаниясымен серіктестікте әзірлеген QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңі аяқталды. Бағдарламаның басты мақсаты – covid-19 пандемиясының жағымсыз салдарын азайту және өткір әлеуметтік мәселелерге тиімді жауап беруге бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау.

2021 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында 16 өңірлік ҮЕҰ еліміздің 14 өңірінде 16 423 бенефициарға жан- жақты көмек көрсетті. «Qolda 3.0» бағдарламасы әлеуметтік топтардың өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивті болашақ құруда тың идеялар ұсынатын қоғам белсенділерін біріктірді. Түркістан облысында отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша 14 ақпараттық науқан өткізілді. Ауылдағы 326 қыз-келіншек құқықтық сауатын арттырып, өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы білді. 314 әйел мен бойжеткен құқықтық және психологиялық көмек алды. 106 ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша психологиялық оңалту бағдарламасы аясында көмек алды. Алматы облысында суицидке бейім 444 оқушы психотерапиялық сессиядан өтті. Өскемен қаласында есту қабілеті нашар адамдарды ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін дағдарыс орталығының кеңсесі ашылды. Мамандар ыммен сөйлесу бойынша 122 психологиялық кеңес өткізді. Семей қаласында 2300-ден астам бала қалалық экоакциялар мен экологиялық мектеп іс шараларына қатысты. Қарағанды облысында 70 экотренер мен эковолонтер жастарға экологиялық білім беру бойынша оқытудан өтті. 1000-нан астам колледж студенті экологиялық өмір салтын насихаттайтын сенбілік, экоакция, экомарафон, байқаулар сияқты іс-шараларға қатысты. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары цифрлық сауаттылық жағынан 1110 кеңес алды. Павлодар облысында қоғамдық нысандардың мүгедектігі бар және қимыл- қозғалысы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін бағалау және одан әрі бейімдеу тетігі әзірленді. АИТВ және туберкулезбен ауыратын адамдардың құқықтарын насихаттайтын ҮЕҰ 5 облысты біріктірген ҚР Пациенттер одағын құрды. Барлық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан 78 әріптес және 45 серіктес ұйым көмектесті. Орталық Азияның Еуразия Қорының «Qolda» бағдарламасының менеджері Әлия Еспаева былай деді: «QOLDA бағдарламасының құлашын кеңінен жайып келе жатқанына қуаныштымыз. Бұл жолы біз әртүрлі бағыттағы жобаларды қолдай алдық. Біз үшін эко-білім беру, цифрлық сауаттылыққа, тігін дағдыларына оқыту және жұмыс орындарын құру, сондай-ақ заң шығарушылық жобалар мүлде жаңаша болды. Бұдан бөлек, бағдарлама өңірлік ұйымдарға қолдау көрсетуге, оларға өздерінің бірегей идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Бенефициарларды барынша қамту үшін ауыл-аудандарға баруға тырысады».

«Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Кошпанова:

«Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып отырған «Qolda» жедел
көмек бағдарламасы республикамыздағы COVID-19пандемиясының жағымсыз салдарын барынша азайтуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдық ұйымдардың заманауи қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алатындығын көрсетті. Бағдарлама мыңдаған отандастарымызға жүйелі гуманитарлық, құқықтық, психологиялық көмек көрсету бойынша орасан зор жұмыс жүргізетін әмбебап алаңға айналды және «Күшіміз бірлікте!» қағидасын тағы да бір мәрте растады» , – деді.

«Qolda» бағдарламасының жұмысы жалғасуда. Ақпан айында бағдарламаның келесі кезеңі жарияланады. Барлық мағлұмат http://qolda.org/ ресми сайында жарияланады.

Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр