jasqazaq.kz

Көлсайда таудың көші әлі тоқтамаған

22 сәуiр 2018, 15:14

Алматы облысында көшіп жатқан тау бөктерінің маңына апаттық-құтқару топтарын жасақтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ол жерге «Қазселденқорғау» мекемесінің 20-дан астам арнайы инженерлік техникасы топтастырылған. Арнайы техникалар қатарында бульдозер, грейдер, экскаватор, фронтальды тиеуіш және жүк көліктері бар. Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД жедел штабы орналасты. Олар қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған. «Тау жыныстарының жылжуы 900 метрге дейін созылған, қазір ол Көлсай жаққа қарай көшіп барады», — деді ТЖК ресми өкілі. Еске сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің бақылаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында Кеген ауданы аумағында тау бөктерінің орнынан көшкенін анықтады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді