jasqazaq.kz

Көлсайда екі баласымен бірге жүрген қар барысы көзге түсті (видео)

13 шiлде 2021, 10:51

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды.Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түскен.

Видеодан екі күшігімен бірге серуендеп жүрген ілбістің аналығын көруге болады.

Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді.

Парк аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты сақталып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды.

Фототұзақ — жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.

https://youtu.be/JAFY0AnduBQ

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия