jasqazaq.kz

Көлсай көлдерінен медуза табылды

05 шiлде 2019, 14:56

АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында Көлсай көлдерінен медуза табылғанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның айтуынша, ерекше күзетілетін территорияларда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мамандары Орта және Төмен Көлсайдағы фаунаны 2016-2019 жыл аралығында зерттеп келеді. Атап айтқанда, гидробиология мен гидроаналитика зертханасының қызметкерлері көл түбіндегі микроорганизмдерді бақылауға алған. «Орта Көлсай суынан тұщы суда өмір сүретін медуза табылғанда таң қалдық. Біздің су қоймаларында бұл жәндіктер өте сирек кездеседі. Алайда соңғы жылдары тұщы суда өмір сүретін жылу сүйгіш медузалардың барлығы жиі айтылып келеді. Бұндай тіршілік иесі Шымкент жанындағы Тоғыз көлінен де табылған», — деді Сәкен Ділдахмет. Мамандардың пікірінше, Limnocnida tanganyicae және Craspedacusta sowerbii медузаларының суда пайда болуына су температурасының жайлылығы ықпал етеді. «Көлсайда жазда су температурасы 15-16 градустан аспайды. Бұл медузалар үшін ең шекті температура болып табылады. Олардың Көлсай көлдеріне қалай түскені белгісіз. Бұл медузаны көлге туристердің бірі алып келген болар. Немесе бір құс әкелген болар. Төменгі температурада медузалардың көбеюі ақылға сыймайды. Себебі, Көлсай көлдерінен медузалар қайталап табылып жатқан жоқ», — деді ол. Алайда мамандар осы ерекше күзетілетін аймақтың фаунасын барынша бақылауға алу керектігін ескертеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда