jasqazaq.kz

Колония қызметкерінің жаппай вирус жұқтыруы: Министрлік түсінік берді

19 мамыр 2020, 17:45

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясы (УК-161/3 мекемесі) қызметкерлерінің коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірді.

«Осы колонияның 19 қызметкерінен инфекция анықталды. Олардың барлығы оқшауланды. Колонияның жанында арнайы ғимарат бар, сол жерге провизорлық орындар жасақталды», — деді Л. Бұйрабекова онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ауру анықталған адамдар колония аумағына кірмеген.

«Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер де осындай жағдай орын алып, сотталғандарда індет анықталса, онда олар емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом қабылдайтын болады. Колония ішінде провизорлық орындар дайындалады», — деді вице-министр.

Бұдан бұрын бірқатар БАҚ Қостанай облысында «Қара бүркіт» колониясының 19 қызметкері коронавирус жұқтырғандығы хабарланған еді.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі