
Жамбыл облысында колониядағы жедел қызметтер басшысының орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл облысы 158/5 мекемесінде жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен колония басшысының орынбасары ұстады», — деді Нұрлан Жахин. Сондай-ақ, ол күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын және сол себепті қамауға алынбағанын айтып өтті. «Ақша сотталушыны осы мекемеде жазасын өтеу үшін жағдайын жеңілдету үішн алынған», — деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.