jasqazaq.kz

Колледждерде қабылдау емтихандары болмайды

16 наурыз 2021, 14:17

Қазақстанда колледждерде қабылдау емтихандары болмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті.

«Министрлік жергілік атқарушы органдармен бірлесе қаражатты нақты студентке бекіту ұстанымы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігі даярланды. Егер осыған дейін өңірлердің білім басқармасы колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, енді жаңа механизм бойынша ЖОО –ға және «Балапан» бағдармасына ұқсас абитуренттер колледжді әрі мамандықты өздері таңдайды», — деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда ол жаңа ереже бойынша абитуренттер колледжге қалай түсетінін айтып берді.

«Жаңа механизмге сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтардан бөлек, колледждерде қабылдау емтиханы болмайды», — деді Б. Асылова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастырудың жаңа ережесі әзірленді.

«Министрлік кадрлар бойынша экономиканың орта әрі ұзақ мерзімдегі қажеттігінің болжамын, өңірлік еңбек нарығын және жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыррдың ережесін әзірледі», — деді вице-министр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия