jasqazaq.kz

Колледж студенттері төбелесіп, екі бала ауруханаға жеткізілді

12 қазан 2018, 15:43


Жанжал кезінде 17 жастағы жігіттің басс үйегіне зақым келген. Қарағандының Майқұдық шағын ауданында тал түсте төбелес болып, соңы 16 және 17 жастағы екі бозбаланың ауруханаға түсуімен аяқталған.
24.kz жазғандай, алдын ала мәліметтер бойынша төбелестен зардап шеккендер – колледж студенттері. 10 қазан күні Майқұдықтың 15-ші ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында күндізгі сағат 14.00 шамасында жасөспірімдердің қатысумен жаппай төбелес болған. Жанжал салдарынан 16 және 17 жастағы екі бозбала зардап шеккен. «16 жастағы жасөспірімді жедел медициналық көмек қызметкерлері пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Зардап шегушінің беліне пышақ кірген. Жасөспірімге операция жасалып, ол сәтті өтті. Жасына байланысты ол балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды», — дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал кезінде 17 жастағы жігіттің бас сүйегіне зақым келген. Ол облыстық бас сүйек ауруханасында жатыр. Жәбірленуші жасөспірімдер қаладағы колледждердің бірінде оқиды. Облыстық ішкі істер департаментінде аталған оқиғаға байланысты іс қозғалғанын айтады. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-тармағына сай, яғни «денсаулыққа қасақана зақым келтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барлық жағдай анықталуда», — деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде