jasqazaq.kz

Колледж студенттері бірін-бірі пышақтады

27 наурыз 2018, 16:04


Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері бірін-бірі пышақтады. Ал жарақат алған 17 жастағы екі жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне түскен. 

ҚазАқпарат  хабарлағандай, оқыс оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, төбелес елді мекен орталығында Наурыз мерекесі тойланып жатқанда орын алған. Көрші Жамбыл ауылының жігіттері үш көлікпен келіп, қатарластарына тиіскен көрінеді. Ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Күдіктілердің бірі алтыбақан теуіп тұрған Жүзжан Нұрәлі есімді жігіттің бір бүйіріне пышақ сұғып, қашып кетіпті. Қазір пышақ жарақатынан зардап шеккен екі оқушы Темірлан ауылындағы ауруханада ем қабылдауда. Оларға ота жасалып, бірінің көкбауырын алып тастаған. Дәрігерлер қазір екеуінің жағдайы қалыпты деп отыр. Ал, өңірдің ішкі істер департаменті бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады. Ресми деректер бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір жасөспірім қамауға алынған. Тергеуге қатысты қалған ақпараттар қосымша хабарланады дейді полицейлер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық